Арнайы операция барысында Алматы және Қазақстанның басқа өңірлерінің аумағында Интернет арқылы «Альфа-PVP» синтетикалық есірткілерін қолдан жасап, өткізуді ұйымдастырған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
«29 маусымда Алматы қаласы мен оның маңында шамамен 16 кг «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 кг есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді. «Қара нарықта» тәркіленген есірткі құралдарының құны жарты миллиардтан астам теңгеге бағаланды», делінген комитет хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа дейінгі тергеуге алынды.