Алматыда жасырын ірі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Операция барысында «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласы және еліміздің басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған 2 азамат ұсталды. Қабылданған шара нәтижесінде, 2022 жылғы 29 маусымда Алматы қаласы мен қала маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді», делінген хабарламада.
Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.
Факт бойынша ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті соталды тергеу материалдарын ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеген.