• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Шілде, 2022

Түркістанда мыңға жуық жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

268 рет
көрсетілді

Түркістан қаласының әкімдігі, прокуратура мен еңбек инспекциясы бірлесіп «Ақжол» ЖШС жұмысшыларының жалақы ала алмау мәселесі бойынша тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақжол» ЖШС-да 752 жұмыскердің алдында осы жылдың наурыз, сәуір және мамыр айлары үшін жалпы сомасы 232 млн 449 мың теңге жалақыдан қарыз орын алғаны анықталды.

«Ақжол» ЖШС ӘҚБтК-нің 87-бабы 1-тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру қорытындысы бойынша «Ақжол» ЖШС басшысы атына Еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама берілген. Нұсқама талабын орындату бойынша басқарма тарапынан жұмыс жүргізілуде», деді облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының м.а. Асқар Сейтқазин.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, аталған серіктестік 2017 жылдан бері қосалқы мердігер ретінде қала аумағындағы бірнеше құрылыс жұмыстарына қатысып келген. 2021 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ тас жолынан Отырар мөлтек ауданына баратын жолдың күрделі жөндеу нысанына қатысты қазіргі таңда сот процесі жүруіне байланысты қала әкімдігі тарапынан қаржы аударылмаған. Сот аяқталған соң, шешіміне сәйкес төлемдер жүргізілетін болады», деді қала басшысы.

«Ақжол» ЖШС жұмысшыларына жалақы төлей алмауының негізгі кредиторлық берешегі - құрылыс материалдары құнының өсуімен немесе жоғарыда аталған ЖШС-ның мердігер немесе қосалқы мердігер болған жеке компаниялармен байланысты туындаған.

«Көтеріліп отырған мәселеде «Ақжол» ЖШС бас мердігер емес, қосалқы мердігер ретінде жұмыстар жүргізген. Алдағы уақытта серіктестік өздерінің атқарған жұмыстарын бас мердігерге толыққанды дәлелдеп берген жағдайда айтылған соманың барлығы төленеді. Бас мердігер мен қосалқы мердігер арасындағы мәселеге араласу әкімдік құзырына кірмейді. Аталған мәселе сотқа дейінгі реттеу тәртібімен немесе экономикалық сотта шешілуге тиіс. Митингілер мен шерулер мұндай мәселелерді шешпейді», деді әкім.

Брифинг барысында бас мердігер «Capital Construction Projects Kazahkstan» ЖШС-і өкілі Бақытжан Есалиев «Ақжол» ЖШС-нен 190 млн теңгеге орындалған жұмыстарды салыстырып тексеруге қол жеткізе алмағанын жеткізді. Ал әкімшілік ғимараттардың бірінің бас мердігері - «Континент Транзит» компаниясының өкілі Абдуғани Абдукадыр «Ақжол» ЖШС қосалқы мердігері өзіне алған міндеттемелерін орындамағанын және құрылыс жұмыстарын аяқтамай кетіп қалғанын, онымен қоймай бас мердігерден 150 млн теңге талап етіп отырғанын айтып отыр.