• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Шілде, 2022

Шымкентте алаяқтар зейнеткерді 37 млн теңгеге алдап кетті

288 рет
көрсетілді

Алаяқтық фактісі туралы Шымкент ҚПД Тергеу басқармасына жергілікті тұрғын арызданған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол өз шағымында бейтаныс нөмір қоңырау шалып, белгісіз адам өзін ҰҚК-нің қызметкері ретінде таныстырғанын көрсетті. Сондай-ақ күдікті қарияның есепшотына белгісіз тұлғалар киббер шабуыл жасап жатқандығын, 20 миллион теңге ақша салып, қайта шешіп алатынын және пәтерін сатып жіберуі мүмкін екенін айтып сендірген. Өз кезегінде ер адамға екінші деңгейлі банктердің бірінен қосымша шот ашып, сол шотқа барлық ақшаны аударуын сұрап, алаяқты құрықтауға уәде еткен. Алаяқтың сөзіне сенген зейнеткер тез арада пәтерін сатып, жалпы сомасы 37 миллион теңге қаражатын алаяқтар айтқан қосымша есепшоттарға аударған», делінген хабарламада.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша тіркеді. Қазір аталған қылмыстық іс бойынша Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел топ құрылып, күдіктіні іздестіру шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ қылмыскерді құрықтау мақсатында Ақтөбе және Алматы қаласының полицейлеріне жеке тапсырма берілді.