• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Шілде, 2022

«Қазфосфат» басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

298 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«13 шілдеде Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қорытындысы негізінде «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабы бойынша аммофосты өткізу кезінде жоғары баға белгілеу арқылы өздеріне заңсыз кіріс алу мақсатында монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеуді бастады», деді ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 11 шілде күні сағат 20:00-де Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында ауаға түтінді газ тарады. Кейінірек компания қала тұрғындарына ешқандай қауіп төнбегенін хабарлады.