Талдықорғанда көпқабатты үйдің пәтерінен газ шығып, бір адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 16 шілде күні сағат 08:56-да Талдықорған қаласы Көктем шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйде болды.
«Оқиға орнына ТЖД, газ қызметі, жедел медициналық көмек және полиция бөлімшелері жіберілді. ТЖД қызметкерлері көп пәтерлі тұрғын үйді аралау барысында газдың иісі алтыншы қабаттағы пәтерден шығып тұрғанын анықтады. Бірақ пәтердің есігін ешкім ашпады. Газдың таралуын тоқтату мақсатында ТЖД қызметкерлері пәтерге балкон арқылы кіру туралы шешім қабылдады. Пәтер ішіндегі төсекте 1985 жылы туған ер адам жатқан. Ол құтқарылып, табиғи газбен улану белгілері бар екені байқалған соң жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Әрі қарай Талдықорған қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды», делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, пәтер ішін тексеру кезінде табиғи газ шүмегі сәл ашылып тұрғаны анықталған.