• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Шілде, 2022

Қазақстан құрамасының шорт-тректен бас бапкері ауысты

374 рет
көрсетілді

Шорт-тректен Қазақстан командасының бапкерлер штабында маңызды өзгеріс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Құраманың бас бапкері қызметіне Нұрберген Жұмағазиев тағайындалды. Ол жақында ғана зейнетке шыққан Мәдіғали Қарсыбековті алмастырды. Н.Жұмағазиев Олимпиада ойындарының қатысушысы. Сондай-ақ ол Әлем кубогінде, Азия ойындарында және өзге де турнирлерді медаль еншілеген.

Айта кетейік, биылғы желтоқсан айында Алматыда шорт-тректен әлем кубогының екі кезеңі өтеді. Атап айтқанда, 9-11 желтоқсанда және 16-18 желтоқсанда әлем кубогының III және IV кезеңдері ұйымдастырылады. Алматы шаһары әлем кубогы кезеңіне қатысушыларды 2018 жылы да қабылдаған болатын.