• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Шілде, 2022

Еуропа ормандарын өрт шарпыды

432 рет
көрсетілді

Еуропадағы аптап ыстық салдарынан өрт көбейді. Қазір мың­даған өрт сөндіруші Пор­тугалия, Испания және Фран­цияның оңтүстік-батысында орманда тілсіз жаумен күресіп жатыр.

ВВС басылымының хабарлауынша Францияның Жирон аймағында өрттің кесірінен 12 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Испанияның оңтүстігінде, Коста-дель-Сольге жа­қын жер­де 2300-ге жуық адам Михас тө­белеріне тараған орман өртінен қа­шуға мәжбүр болған. Жергілікті тұр­ғындар мұндай орман өрттерін бұрын-соңды көрмегенін айтады. Фран­цияның оңтүстік батысындағы және Бордоның оңтүстігіндегі өрт 10 000 гектарға жуық аумақты шарпыған. Өртті ауыздықтауға 3 мыңға жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Португалияның Порту қаласының солтүстік-шығысының 30 000 га жері жалынға оранған. Тілсіз жаудан Жерорта теңізінің өзге бөліктері де зардап шеккен көрінеді. Италия үкіметі құрғақшылық жайлаған По алқабында төтенше жағдай жариялады. Қазірде елдің ең ұзын өзенінің көп бөлігі кішкене көлшікке айналған. Грекияда өрт сөндірушілер Афинадан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырымдай жердегі Фериза аймағында және Криттің солтүстік жағалауындағы Ретимнон маңындағы өртті лезде сөндіріп үлгерді. Ретимнонға жақын жерде жеті ауыл эвакуацияланған.

Сондай-ақ Марокконың солтүс­тігінде Лараче, Уэцзан, Таза және Тетуан провинцияларын шарпыған өртке байланысты бірнеше ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Ксар эль-Кебир аймағында бір ауыл толығымен жойылып кеткен. Француз өрт сөндірушілер федерациясының бас­шысы Грегори Аллионе мұның бәрі жа­һандық жылынудың салдары деп есеп­тейді. Мамандар климаттың ан­тропогендік өзгеруіне байланысты ап­тап ыстық жиілеп кеткенін айтады. Өнер­кәсіп дәуірі басталғаннан бері атмос­фера шамамен 1,1°C-ге жылыған. Егер әлем кө­міртегі шығарындыларын қыс­қартпаса, температура көтеріле береді.