Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындардың орманға баруына уақытша шектеу қою туралы қаулыға қол қойды. Құжат «Ашық» НҚА сайтына жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2022 жылдың 25 шілдесінен 1 қазанына дейін жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын. Бұл аралық ормандарда өрт қауіпі жоғары кезеңдер болып есептеледі», делінген қаулыда.
Құжатқа сәйкес, мұндай шара облыс аумағындағы орман алқаптарында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.