• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 19 Шілде, 2022

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

266 рет
көрсетілді

Бұған дейін мұнай 5 долларға қымбаттаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сейсенбі, 19 шілдедегі сауда барысында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері барреліне 105,58 долларға дейін төмендеді. Сонымен қатар дүйсенбіде келісімшарт 5,1 пайызға өсті, бұл сәуірдің басынан бергі ең үлкен пайыздық өсім.

WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері барреліне 101,95 долларға дейін төмендеген. Тамыздағы WTI келісімшарты мерзімі осы аптада аяқталады, ал одан да көп сатылатын қыркүйектегі фьючерстері барреліне 98,79 долларға сатылды.

Сондай-ақ өсімнің баяулауы отынға деген сұраныстың төмендеуіне әкелетін шағын экономикалық дағдарысты білдіруі мүмкін екені айтылды.