• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2022

Жетісулық тұрғындар ауыл әкімінің жұмыстан кетуін талап етті

224 рет
көрсетілді

Жетісу облысына қарасты Ескелді ауданы Көкжазық ауылының тұрғындары жергілікті әкімнің жұмысына көңілі толмайтынын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сағади Талдыбаевтың Көкжазық ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келе жатқанына 20 жылдан асқан. Тұрғындардың айтуынша, сол уақыттан бері еш өзгеріс болмаған. Ауылда жол салынбаған, балалар алаңдары мен ғаламтор тіпті жарық та жоқ.

Ал әкім Сағади Талдыбаев мәселенің барлығын бірден шешу мүмкін еместігін айтады. Оның сөзінше, округ жарығының 10 бағанасы ауыстырылып, жаңадан спорт алаңы салынып жатқан көрінеді. Округ бойынша 3 ауылға ауыз су тартылып, мектепке оқушылар автобуспен қатынайды екен.

Ескелді ауданы әкімдігінің ресми сайтында Талдыбаев Көкжазық ауылдық округіне 1998-2012 жылдары, сосын 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 2 рет әкім болып тағайындалғаны жазылған.

Әкімнің өзі халық талабына сай қызмет орнын босату жайлы да, алдағы уақытта әкімдік сайлауға қатысатыны туралы да сөз қозғаған жоқ.

Ажар Лаубаева