• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Шілде, 2022

Зияткерлік меншікті қорғау саласы күшейеді

428 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы таяуда зияткерлік меншік саласындағы заңнамалық түзетулерге қол қойды. Заң екі айдан соң күшіне енеді. Жаңа құжат нені көздейді?

Жаңа заң құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың және патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ құжатта зияткерлік меншік құ­қықтары мен өнеркәсіптік мен­шік объектілерін қорғауды кү­шей­ту мә­селесі қарастырылған. Жал­пы ал­ғанда, отандық тауар өндіру­ші­лер­ді әлемдік нарыққа шығу­ла­рын көздейді.

Елімізде экологиялық таза өнім­дер көптеп шығарылады. Ша­ғын және орта бизнес өкілдері таза табиғи құндылығын сақтай отырып әр аймақтың брендтік өнім­де­рін өндіріп отыр. Бірақ олар ішкі нарықты ғана қамтып, сыртқа шы­ғуға қауқары жетпейді. Ол үшін мемлекеттен қолдау қажет бола­тын. Енді, міне, жаңа заңға «геог­рафиялық көрсеткіш» жаңа объек­тісі енгізілді. Аталған түзету отандық тауар өндірушілерге жа­ңа мүмкіндіктермен әлемдік на­­рыққа шығуға жол ашады. Осылайша, Алматының апорты, Қызылорданың қауыны мен кү­рі­ші, Көкшетаудың бал­мұздағы, Лепсінің балы, қазақ­стан­дық шоколад, Шұбаркөл көмірі, Түрген шараптары секілді отандық өнім­дер­дің экспортқа жолы ашыл­мақ. Алайда өндірілген өнім толық­тай «өз жерінен» өңделіп барып тұ­ты­нушыға жетуге тиіс.

«Өндірілетін өнімнің барлығы тұқымнан бастап тұтынушыға да­йын күйінде жететін аралықтағы бар­лық процестер сол жерде, өңірде атқарылуға тиіс. Мәселен, өнім өң­де­ліп, ал оның қорап, жәшіктерге са­лынуы өз өңірде жүзеге асырылмауы қажет. Сондай-ақ өнімнің өн­ді­ріл­ген жері тауардың жапсырма­сын­да міндетті түрде көрсетілуі керек. Географиялық көрсеткіштер өте маңызды. Қазақтың табиғи таза өнім­дерін әлемге танытуды мақсат етіп отырмыз», дейді «Ұлттық зият­кер­­лік меншік институты» РМК ди­­рек­торының орынбасары Айдын Артықова.

Әділет вице-министрі Ақерке Ахметованың айтуынша, тіркел­ме­ген өнеркәсіптік үлгілерді қысқа мерзімді қорғау енгізіледі. Бұл Еуро­палық одақпен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде қабыл­дан­ған міндеттемелерге сәйкес келеді.

«Мұндай қорғау құқық иелену­ші­лерді бірегей бұйымдар­дың сыртқы түрін тікелей көшіруден қор­ғауға мүмкіндік береді. Тауар таң­балары, географиялық көрсет­кіш және тауарлардың шығарылған жерінің атаулары жөніндегі «оппо­зи­циялық» жүйе мүдделі тұлға­ларға өтінімді қарау кезеңінде са­рап­тама жасау ұйымына қарсы­лық жіберуге мүмкіндік береді. Бұл нысандарды тіркеуге дау айтудың ықтимал тәуекелдерін жояды», дейді Әділет министрінің орынбасары А.Ахметова.

Сондай-ақ Әділет министрлігі зияткерлік меншік саласындағы заңға тәуелді 10 актіге тиісті түзе­тулер енгізбек. Атап айтқан­да, объек­тілерді тіркеу және мемлекет­тік қызметтер көрсету рәсімдері бөлі­гі­нің кейбір тармақтары өзгер­мек. Бұған қоса министрлік мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, зияткерлік меншікті одан әрі дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасын әзірледі.

«Бұл карта зияткерлік меншік жүйесін цифрландыру, оның ішінде жоғары оқу орындарының жанынан технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарын құру жөніндегі іс-шараларды көз­дейді. Жақында жұмыс бас­талды. Республика бойынша Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарын қоса алғанда, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында осындай 13 орталық құрылды. Сондай-ақ инновацияларды ынталандыру, технологияларды беру, құқық қолдану практикасын, кадрлардың нормативтік-құқықтық және халықаралық құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған. Халықаралық ын­тымақтастық шеңберінде заң­наманы өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халық­аралық конвенциямен үйлестіру, соқыр немесе көру қабілеті бұ­зыл­ған және өзге де қабілеті шек­теулі адамдардың қол жеткізуін жеңілдетудің Марракеш шартына қосылу бойынша ұсыныс­тар әзірлеу, баспа басылымын қабылдау, спутниктер арқы­лы берілетін алып жүретін бағдарламалар мен сигналдарды тарату туралы Брюссель конвенциясы бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», дейді Ақерке Ахметова.