• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Шілде, 2022

Қаржы мониторингі агенттігі рейдерлікпен айналысқан қылмыстық топты ұстады

399 рет
көрсетілді

Қаржы мониторингі агенттігі рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды:

- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;

- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;

- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;

- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

15 шілдеде аталған тұлғаларға қатысты Алматы қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сондай-ақ сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады.

Ал, Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.