• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Шілде, 2022

Аймақтық қауіпсіздік сөз болды

167 рет
көрсетілді

Ыстықкөл жағалауында 20-21 шілдеде Шолпан-Ата қаласында Ор­та­лық Азия мемлекеттері бас­шы­­ла­рының Консультативтік кездесуі өтті. Іс-ша­­раға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Президенттері қатыс­ты.

Аймақ елдері басшыларының кездесуінде аймақтық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлер мен қауіп-қатерлерге бірлесіп әрекет етуде Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылын нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу, ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылау өтті. Өңір мемлекеттерінің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері сөз болды.