Алматыда Жетісу және Түрксіб аудандарында бірқатар тұрғын үй мен ғимаратта ыстық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25-29 шілде аралығында Алматының Жетісу және Түрксіб аудандарының Бехтерев - Жұмабаев - Кассина - Шереметьев, 25 шілдеден 15 тамызға дейін Көкжиек ықшамауданы - Геологов - Первомай мұнай базасы аумағында орналасқан тұрғын үй мен ғимаратта уақытша ыстық су өшіріледі.
Айта кетейік, шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.