• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Шілде, 2022

Алматыда жас жігіт 6-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды

313 рет
көрсетілді

Алматыда 19 жастағы студент екі жасар баланы 8-қабаттан құлап кетуден аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куәгерлер «Алтынбұлақ» тұрғын үй кешеніндегі баспалдақ алаңында баланың басы тордың арасына қысылып, денесі жерге қарай салбырап тұрғанын көрген. Көмекке шақырған көршілердің дауысын жас жігіт естіп, бірден жәрдемдесуге ұмтылған. Абырой болғанда, ол бүлдіршінді дер кезінде құтқарып үлгерді.

Батыл жігіт Абай атындағы педагогикалық университеттің дене шынықтыру факультетінің студенті Ерасыл Махмұт екені белгілі болды.

«Бүгін Брусиловская 167 үйінің алдынан өтіп бара жатқан кезде 6-қабатта бір бала құлайын деп тұрды. Еш ойланбастан 6-қабатқа көтеріліп, баланы құтқарып алдым», деді Ерасыл Махмұт.