• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Шілде, 2022

ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

24-28 шілде аралығында Алматыда сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖ Департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз; Алкогольді ішімдік ішпеңіз, себебі алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады; Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз; Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады; Автокөліктермен ұзақ сапарларды шектеген жөн, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз; Балаларды көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.

Соңғы жаңалықтар