• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Шілде, 2022

Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып тұр

161 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып болып, ауа ластанады, деп хабарлайды  Egemen.kz«Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 24 шілдеде Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.

Қазақстанның өзге қалаларындағы жағдай қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.