Тендерде ұтып беремін деп алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әуезов ауданының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы С.есімді әйелді ұстады.
«Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті «жақсы таныстарына» сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға және жеңіске жетуге уәде берген. Қазіргі уақытта С. есімді әйелдің қатысы бар бес қылмыстық іс тергелуде. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңгені құрайды. Күдікті қазір қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.