Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағынауданындағы «Жайсан» тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыз қанағаттандырылып, соттың заңды шешімі күтілуде.