• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2022

Павлодар облысында шомылу маумысы басталғалы сегіз адам суға кетті

177 рет
көрсетілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының майоры Теміржан Танжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл басынан  бері аймақта сегіз адам суға кетті, оның ішінде бір бала бар. Өткен жылы шомылуға тыйым салынған орындарда 16 адам суға  кеткен, оның  төртеуі - бала. Суда ажал құшқандардың 90% тыйым салынған және жабдықталмаған қауіпті, зерттелмеген учаскелерде суға  түскен. Мұндай қайғылы оқиғалар көбінесе Ертіс өзенінде жиі орын алады», деді  Теміржан Танжанов.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жағдай айтарлықтай жақсарған. Биыл тұрғындар арасында судағы қаупсіздік мәселесіне жауапкершіліктің артқаны байқалады.   Айта кетейік, облыс аумағында 42 жағажай бар, оның ішінде 24-і  коммуналдық және 18-і жеке.