Елордада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында 26 заңсыз такси жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бір күнде полицейлер тиісті құжатсыз «такси» қызметімен айналысқан Өзбекстан мен Тәжікстанның үш азаматын ұстады. Жүргізушілер «Yandex» мобильді қосымшасын пайдаланып жолаушы тасымалдаған.
Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды.
Елордада «Қауіпсіз жол» айлығы өтіп жатыр. Аталған шара басталғалы бері 3 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 39-ын қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған. Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 500-ден астам жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін 100-ден астам, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 168 және қарсы жолаққа шыққаны үшін 22 жүргізушіге айыппұл салынды.