• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 29 Шілде, 2022

Ойықтіс балығы Қызыл кітаптан шығарылуы мүмкін

387 рет
көрсетілді

Экология министрлігі өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізіміне түзетулер дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

22 шілдеде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық Шаруашылығы Комитеті ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысында күтім немесе ойықтіс балықтарын сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізімінен шығару туралы мәселе қаралды.

Бұған дейін аталған популяцияның жай-күйі оң бағаланып, Каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітаптарынан шығарылған еді.

Көпжылдық ғылыми зерттеулердің нәтижелері Каспий теңізі акваториясы мен Маңғыстау облысының жағалауында күтім популяциясы санының қалпына келтірілгенін куәландырады.

Ғалымдардың пікірінше, популяцияның жағдайы мен күтімнің тұрақты өмір сүру жағдайлары генофондтың сақталуын қамтамасыз ететін және олардың табиғи көбеюіне қауіп төндірмейтін шектерге дейін қалпына келтірілді.

Осыған байланысты ведомствоаралық зоологиялық комиссия ойықтіс балығын Қазақстан Республикасының Қызыл кітабынан алып тастауды ұсынды.

Құжат 12 тамызға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Күтім - ципринидтер тұқымдасынан шыққан балық. Ол Каспий теңізінде тұщы және тұзды суда мекендейді. Дене ұзындығы - 30-45 сантиметр, кейде 70-ке дейін де барады, салмағы әдетте 0,5 — 2 келі. Қарқынды балық аулау мен ластану нәтижесінде оның популяциясы едәуір азайған еді, осыған байланысты балықтың бұл түрі Қызыл кітапқа енгізілді.