• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2022

Алматыда отандық өндірушілердің көрмесі басталды

141 рет
көрсетілді

Отандық өндірушілердің көрмесіне қатысуға 77 кәсіпкер өтінім білдірген. Олардың арасында сауда, қызмет көрсету, машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп мамандары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, «Қазақстанда жасалған» атты көрме өндірістің, тұтастай экономика дамуының нақты көрсеткіші.

«Отандық өндіріс төңірегінде көп сын айтылады. Тіпті, жергілікті өндіріс жоқ дейтіндер бар. Менің айтарым, өндіріс саласы жылдан-жылға өсіп, дамып келеді. Осы бастамаларды палата, мемлекет, қоғам ретінде бірлесіп, қолдау көрсетіп қана ілгерілете аламыз», деп атап өтті ашылу салтанатында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

Көрмеге қатысып жатқан алматылық өндірушілер сауда, қызмет көрсету, машина жасау, металлургия, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп салаларында еңбек етеді.

«Кәсіпкерлік – ауыр жол. Кәсіпкерлер – біздің қызметкерлерге жұмыс беретін, біздің мемлекетке салық төлейтін, бүкіл әлемге танымал қазақстандық өнімді шығаратын адамдар. Бүгін осы «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінде алматылық үздік тауар өндірушілер ұсынылады. Қазақстандық өндірушілердің нәтижелері баршамазды шабыттандырсын», деп атап өтті Алматы қаласы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев.

Өңірлік көрме-байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» үш номинация бойынша өтеді. Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады.

31 шілдеде көрме-байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. Өңірлік іріктеу жеңімпаздары елордада Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға жолдама алады.

Айта кектейік, Алматыда 295 мыңнан астам шағын және орта бизнес жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 28,5 пайызға артқан.