Алматыда Райымбек пен Назарбаев даңғылдарының қиылысы уақытша жабылады. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Төтенше қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты 30 шілде сағат 22:00-ден 31 шілде 7:00-ге дейін батыс бөлігінде, сондай-ақ 31 шілдеде сағат 22:00-ден 1 тамыз 7:00-ге дейін шығыс бөлігінде Назарбаев пен Райымбек даңғылдарының қиылысы толығымен жабылады», делінген хабарламада.
Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, маршрутты алдын ала бағдарлауды сұрады.