• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Мамыр, 2010

ЕШКІ СҮТІНЕ ДЕ ЕЛЕП ҚАРАЙЫҚ

519 рет
көрсетілді

Бейбіт Бейсекеш – астаналық кәсіпкер. Ол қазақ жастары ара­сын­да сирек кездесетін атомшы ма­мандығын игерген, бүгінгі на­рық­тық даму заңдылықтарын те­рең зерделей білетін азамат. Әсі­ре­се, оның елге бір пайдамды ти­гіз­сем екен деген жанашырлық көз­қарасы өзгелерге де үлгі бо­ларлықтай. Осы мақсатта ол Зеленов ауда­нындағы Щапов ауылында өз қа­ражатына ешкі сүтін өндіретін ша­ғын зауыт құрылысын бастап кет­кенін де білуші едік. Жобаны іске асыру үшін Бейбіт Түркиядан сүтті мол беретін асыл тұқымды ангор еш­кілерін сатып алу жөнінде келі­сім-шарттар да жасап қайтқан болатын. Дегенмен, кейінгі кезде оның осы бастаған тамаша жобасын то­лық­тай аяқтай алмай қиналып жүр­генінен де хабарымыз бар еді. Мұндағы басты қиындық зауыт құрылысын толықтай іске қосуға қажетті қаражат көздерінің жеткі­лік­сіздігі болатын. Осы тұрғыда тілшілер қосынына арнайы келген кәсіпкерге көңілді алаңдатып жүр­ген мәселе жөнінде сауал қоюға тура келді. Жобаңыз өте тамаша. Оны іске қосатын уақытыңыз әл­де­қашан жетіп еді ғой, соншама неге тұйыққа тіреліп қалдыңыз де­ген сауалымызға кәсіпкердің қай­тарған жауабы төмендегідей болды. Бұл жерде басты мәселе, сіз ойлағандай мемлекет тарапынан жасалатын қаражат көздерінің тап­шы­лығында немесе жеткіліксіз­ді­гін­де емес. Керісінше, қазір мем­лекетте қаражат көздері жеткілікті. Қысқасы, бүгінде мемлекетіміз кез келген өндірістік жобаны қар­жылық тұрғыдан қолдай алады. Тек бәрі тиісті заңдылықтарға сәйкес болуы керек. Айтайын дегенім, тауарлы сүт өндіруге қатысты қолданылып жүр­ген бүгінгі заң нормалары тек мүйізді ірі қара өсірушілерге ғана лайықталған. Бұл баяғы кеңестік замандағы заң тармақтарының кө­шірмесіндей көрінеді. Яғни ол ес­кірген, бүгінгі заман талаптарына сәй­кес келмейді. Сондықтан оған тиісті өзгертулер мен толық­ты­рулар қажет деп ойлаймын. Бүгінде тұтастай Еуропа елдері ешкі сүтін өндіруге бағыт ұстап отыр. Оны тектен-тек деуге бол­майды. Әрине, пайдасы болмаса олай істемес еді. Бұл жәйт бізді де ой­ландыруға тиіс. Ауыл шаруа­шы­лығын әртараптандырудың басты жолдарының бірі де осы деп түсінемін. Астаналық кәсіпкер Бейбіт Бейсекештің бұл пікірі қалай десек те көңілге қонатын секілді. Тек сиыр сүтін ғана емес, сонымен бірге, қой-ешкі сүттерін де тауар түрінде өндіруді назарда ұстасақ , одан еш ұтылмасымыз кәміл. Ай­тайын дегеніміз, бұл мәселе Пар­ламент депутаттарының наза­рын­да болса екен деген тілек еді. Темір ҚҰСАЙЫН, ОРАЛ.