• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Тамыз, 2022

Әткеншекте ойнап жүрген бала екі саусағынан айырылды

419 рет
көрсетілді

Оралда әткеншекте ойнап жүрген 13 жастағы бала екі саусағынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 27 шілде күні шамамен сағат 21:10-да болды.

«2009 жылы туған бала Х.Доспанова көшесі 69-үй ауласындағы балалар алаңында орнатылған тренажер жабдығында ойнап жүріп, жарақат алған. Оқиға салдарынан бала бірнеше саусағынан айырылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлігіне (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, баланың бір саусағы сол жерде кесіліп қалған. Ал терісіне ілініп тұрған екінші саусағы ауруханада алынды. Бала амбулаториялық ем алуға жіберілді.