• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Тамыз, 2022

Жанармай талондарын заңсыз сатқан лауазымды тұлға сотталды

234 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанайда жанар-жағармай талондарын заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған агенттікке сілтеме жасап.

«Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген.

Бұрынғы басшы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 млн теңге материалдық залал келтірген.

Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылауға алынды.