Пәкістанда 6 әскери қызметкер мінген әскери тікұшақ табылмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олардың арасында генерал-лейтенант Сарфараз Әли бар.
Олар Белуджистаннан ұшып шыққаннан кейін 6 сағат бойы байланысқа шықпаған. Осыған байланысты іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Тікұшақ Карачиге қарай бет алған.
Оқиға Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шарифтің бақылауына алынды.