• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 03 Тамыз, 2022

Елордада азық-түлік қымбаттады

139 рет
көрсетілді

Биыл елордада көкөніс өнімдерінің бағасы өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл басынан бері көкөніс өнімдерінің бағасы елеулі деңгейде өсті, яғни пияз, картоп және сәбіз қымбаттаған. Сонымен қатар, қант бағасы да өсті», деді Е. Балтаев қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссияның отырысында.

Ол қымбаттау тенденциясы барша әлемде байқалғанына тоқтала кетіп, ФАО мәліметі бойынша азық-түлік тауарларына баға индексі өткен жылмен салыстырғанда маусым айында 20 пайызға өскенін айтты.

«Бұл тұрғыда басты себептердің бірі ретінде геосаяси ахуал мен логистикада тауар тізбегінің бұзылуын атап өтуге болады», деді ол.

Сонымен қатар басқарма басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлар елдің ішкі өндірісі есебінен қамтамасыз етіліп отырғанын жеткізді. Дегенмен құс еті және қантпен, ірімшікпен қамту әлі де тиісті деңгейде емес. Бұл тұрғыда жетіспейтін көлем импортталып келетіні айтылды.