• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2014

Өзара келісімге негізделген құжат

437 рет
көрсетілді

Кеше елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы (АӨСШК) мен Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) арасында Өзара түсіністік туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл тарихи құжатқа ҚХА атынан Төрағаның орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, АӨСШК атынан атқарушы директор, елші Чинар Алдемир қол қойды. Аталған меморандум Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленіпті. Сондай-ақ, бұл меморандум ынтымақтастық пен кеңестерді, қолдағы ақпаратпен және құжаттамамен алмасуды, ҚХА және АӨСШК үшін өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша кездесулер мен конференцияларға қатысуды көздейді екен. Кездесу барысында тараптар меморандумды іске асыру, бірлескен қызметтің негізгі ба­ғыттарын айқындайтын қо­сымша іс-шараларды әзірлеу мәселелерін талқылады, сондай-ақ, екіжақты ын­тымақтастықтың өзекті қыр­лары бойынша пікір алмасты. Мәселен, Ералы Тоғжанов: «Өткен жылы ҚХА-ның XX сес­сиясында Қазақстан халқы Ассам­блеясы мен АӨСШК арасындағы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданған-тын. Бүгін сол тарихи іс-шара басталды, оның негізінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығымен бірлесіп, келісім жасап отырмыз. АӨСШК жұмысына 24 мемлекет қатысады. Бұл меморандумның әрбір бөліміне, олардың мазмұны мен мағынасына қатысты сол 24 мемлекеттің өкілдері өз ұсы­ныс­тарын енгізген болатын. Біз бүгін осы ұсыныстардың басын бірік­тіріп, келісімге қол қоюға келіп отырмыз. АӨСШК-ге мүше 24 ел Азия мемлекеттері аума­ғы­ның 90 пайызын алып жатыр. Жалпы, дүниежүзіндегі халық­тардың 50 пайызы осы мемлекет­терде тұрады. Өзара қарым-қатынастарды, достық пен сенімді нығайтатын болсақ, оны ары қарай дамыта беретін болсақ, Азия мем­лекеттерінің қарым-қатынасы да күшейе бермек. Әрине, мұндай келісімдер аясында тек мемлекеттер ғана емес, сол мемлекеттерде тұратын халықтардың салты мен дәстүрі, білім-ғылымы, мәдениеті де нығая түсері анық», деді Е.Тоғжанов. Чинар Алдемир өз кезегінде Астана төрінде қол қойылған құжаттың маңызына тоқтала келе, АӨСШК мен ҚХА арасында бұған дейін де әріптестік орнап келгенін атап өтті. «Біздің Ассамблеямен байланысымыз 2009 жылдан бас­тау алады. Бұдан бірлескен шараларды, 2012, 2013 жылдары өткі­зілген Азаматтық форумдарды қосуға болады. Бұдан бөлек өзара әріптестікті одан әрі нығайту туралы ауқымды жобалар әзірлеп келген едік. Енді, міне, бұл бас­тамалар институттық негізде жүзеге асырылатын болды», деді ол бұл орайда. Оның айтуынша, бұған дейін басқа да халықаралық ұйымдармен өзара түсіністік ту­ралы меморандумдарға қол қойыл­ған екен. «Алайда, Қазақстан хал­қы Ассамблеясымен арада қол қойылған меморандумның орны бөлек. Яғни, егер біз бұ­рын тек қана халықаралық ұйым­дармен өзара келісімге қол жет­кізіп келсек, ал бүгін алғаш рет Қазақстанның ҚХА сынды қо­ғам­дық-конституциялық органымен келісім жасап отырмыз. Әрине, бұл меморандумға қол қойылуының өзіндік себептері бар. Мәселен, бұл екі құрылым да Қазақстан Президенті Н.Ә.На­зар­баевтың бас­тамасы негізінде құрылған еді. Бұл – ең негізгі себеп. Бұл екі ұйымның маңызды идеялары бар. Олар – саналуандылық және бірлік. Менің білуімше, ҚХА-ға 100-ден астам этнос өкілдері кіреді екен. Олар бір-бірімен үнқатысу орнатады», деді Ч. Алдемир. Жиын соңында Ералы Тоғ­жанов Өзара түсіністік туралы меморандум Қазақстанның келі­сім мен бірлік идеясы үлгісін Азия елдерінің кеңістігі аясында жан­дандыруға, ілгерілетуге сеп бола­тынын жеткізсе, АӨСШК Хат­шылығының атқарушы директоры шаңырақ пішіндес кәдесыйды естелікке тарту етті. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».