• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Тамыз, 2022

Ұзынағашта атыс болып, 1 адам қаза тапты

597 рет
көрсетілді

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында қарулы қақтығыс болды. Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына жатқызылды. Жеткізілгеннен кейін зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды», делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Іздестіру іс-шаралары барысында «ұстап алу» жоспары жарияланды. Өңірдегі полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға бағдарланған.

Қару-жарақ оқиғасы жергілікті тұрғындар арасында дұшпандық қарым-қатынасқа байланысты болғандығы анықталды.

Қазіргі уақытта жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.