8 тамыз күні желілерді жөндеуге байланысты тұрғын үйлер мен нысандар уақытша судан ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәлімдеуінше, сумен қамтамасыз ету 8 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін тоқтатылады.
- М.Жүсіп көшесі, 3 мекенжайы бойынша 100 мм су құбырының іске қосылуына байланысты келесі мекенжайлар бойынша сумен жабдықтау болмайды. М.Жүсіп көшесі, 3, 7, №45 балабақша, Торайғыров көшесі, 79/1, 79, 81, Едіге би көшесі, 80/1, 80, 82, 82/1, – деп жазылған хабарламада.
Кәсіпорын қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.