• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Тамыз, 2022

Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

215 рет
көрсетілді

Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматы қаласының бірқатар көшесінде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

6 тамызда сағат 23.00-ден 7 тамыз сағат 7.00-ге дейін Бөкейханов көшесі Рысқұлов даңғылынан Серіков көшесіне дейін жол толық жабылады. Жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Сондай-ақ 7 тамызда сағат 23:00-ден 8 тамыз сағат 6:00-ге дейін бетон жабын төселуіне байланысты Розыбакиев көшесі Березовский көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі жол қозғалысы толық жабылады», деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы қызметкері.