• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Тамыз, 2022

Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді

169 рет
көрсетілді

Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастығы ойындары өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлоларлық Рината Сұлтанова додада велоспорттан екінші жарысқа қатысып, тағы да алтыннан алқа тақты. Ол 5 тамызда тректегі «скретч» жарысында 1-орын алған болатын.

- Рината Сұлтанова Ислам ынтымақтастық ойындарындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Із кесу сайысында алтын медаль иегері атанды және ол 3 минут 36 секундта 3 шақырымды еңсеріп, Қазақстанның рекордын орнатты, - деді Павлодар облыстық жоғарғы спорттық шеберлік мектебі таратқан хабарламада.

Еске салайық, Рината Сұлтанова велоспорттан Азия чемпионатының 6 мәрте, Азия кубогінің 2 мәрте жүлдегері.