• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Тамыз, 2022

ЖОО оқытушыларының жалақысы жаңаша қарастырылады

417 рет
көрсетілді

Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы қаулысымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен басшы қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, лауазымдық жалақылардың белгіленген мөлшеріне 1,2 арттыру коэффициентін ескере отырып айқындалады, арттыру коэффициенті заңмен белгіленеді.

Бұл ретте ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар денсаулық сақтау саласындағы ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлығы лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшеріне 1,75 арттыру коэффициентін ескере отырып айқындалады.

Профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлердің лауазымдық жалақылары лауазымдық жалақылардың белгіленген мөлшеріне 3,5 арттыру коэффициентін ескере отырып айқындалады.

Қаулы 2022 жылғы 19 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.