• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Тамыз, 2022

Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамалды

244 рет
көрсетілді

Инвестиция саласындағы маркетингтік компанияның атын жамылған «MMK Investment» қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаментіне сілтеме жасап.

Агенттік хабарлағандай, мұндай компания өкілдері салымшыларды ең аз $50 инвестициямен тарта отырып, күнделікті жоғары табыс және әкелінген әрбір клиент үшін қосымша ақша төлеуге уәде береді.

Жеке шоттағы әрбір салым сомасы шарт жасамай «цифрлық түрде» көрсетілді.

Сонымен қатар, мұндай жалған қаржылық ұйым клиенттерінің инвестицияланған қаражатты алу мүмкіндігі жоқ, тек шотты толтыру бар.

MMK Investment компаниясының заңсыз қызметі әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланды. 

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамауға алынды.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жариялауға жатпайды.