• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Тамыз, 2022

Дизельді заңсыз сатқан кәсіпкерге үкім шықты

285 рет
көрсетілді

Алматыда «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу барысында ЖШС басшысының жалпы сомасы 14,6 миллион теңгеге 78 тонна дизель отынын заңды шығу тегін растайтын құжаттарсыз сатып алумен және сатумен айналысқаны анықталды.

Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп танылып, оған рақымшылық жасау арқылы шартты түрде екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.