• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2022

Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері іріктелді

303 рет
көрсетілді

Абай облыстық қоғамдық кеңесіне 30 адам мүшелік етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үміткерлер құжаттарын 19 шілде мен 1 тамыз аралығында өткізген. Облыс көлемінде 86 адам өтініш берген.

«Барлығы 83 үміткер әңгімелесуге өтті. Оның ішінде 1 үміткер өз еркімен өтінішін қайтарып алса, 2 үміткер әңгімелесуге келмеген. Ашық дауыс беру арқылы конкурсқа қатысқандардан 30 адам іріктелді. Бұл азаматтардың 15-і бизнес өкілі, 4 еңбек ардагері, 4 қоғам белсендісі, 1 мүмкіндігі шектеулі азамат, 4 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, 2 белсенді жас», делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордан 3 адам бар: 2 білім, 1 денсаулық сақтау саласынан. Қоғамдық кеңеске ұсынылған азаматтардың 25-і ерлер (76%), 8-і әйелдер (24%). Кеңес мүшелерінің орташа жасы - 56.

Соңғы жаңалықтар