• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2022

Павлодарда жер астынан су атқылады

209 рет
көрсетілді

Гидравликалық сынақтар жүргізу кезінде магистралдық желіде ақау пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Химқалашық ауданында құбыр жарылған.  

«Гидравликалық сынақ кезінде температура 40-45 градустан аспайды. Анықталған екпіндер жұмыс аяқталғаннан кейін жойылады. Су беру тоқтатылады», деді әкімдік өкілдері. 

Гидравликалық сынақ аяқталғаннан кейін нәтижелері бойынша Солтүстік желі аймағындағы зақымдарды жөндеу кестесі жасалады.