• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Тамыз, 2022

Алматы қалалық соты неге қоршалғаны белгілі болды

634 рет
көрсетілді

Алматы полиция департаменті Алматы қалалық сотының ғимаратын неге қоршап алғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық ПД нақтылағандай, қалалық соттың әкімшілік ғимаратына «жарылғыш зат» қойылғаны туралы анонимді хабарлама келіп түскен.

«Көрсетілген мекенжай бойынша қала қызметтері тартылып, олар бірінші кезекте сот қызметкерлерін, сондай-ақ келушілерді эвакуациялады. Патрульдік полиция көлік құралдарын қауіпсіз қашықтыққа бұруды жүзеге асырды. Қазыбек би көшесіндегі қалалық сотта іздеу шаралары аяқталды. Ақпарат жалған болып шықты», делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «анонимді» анықтау және оны одан әрі жауапкершілікке тарту бойынша жедел іс-шаралар өткізіп жатқанын атап өтті.