Бүгінгі таңда Қазақстанда 28 жоғары оқу орны ғана жатақхана орындармен 100% қамтамасыз етілген. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Болжам бойынша, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ретте ең үлкен қажеттілік Алматы мен елордада болады», деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысында.