Алматыда Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде 25-қабаттан әйел құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға туралы ақпарат «102» пультіне 16 тамызда кешке түскен.
«Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», делінген хабарламада.