Елдің солтүстігіндегі Сонора штатында Хуан Аржон Лопес есімді журналистің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Штаттың бас прокуроры Клаудиа Индира Контрерас Кордоба баспасөз мәслихатында A Que Le Temes газетінің тілшісі Лопестің 9 тамыздан бері із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан.
62 жастағы Лопестің әріптестері мен отбасы мүшелері оны соңғы рет 8 тамызда көрген. Оның жоғалғаны белгілі болғаннан кейін билік іздеу тобын құрды. Өкінішке қарай, құтқарушылар қаралы хабармен ғана бөлісті.
Мексикада баспасөз өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық толқыны тоқтаусыз жалғасуда.