Елордада 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент газға қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының отын-энергетика ресурстары бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген. 2021 жылы бірінші кезектегі, сондай-ақ ішінара екінші кезектегі құрылыс аяқталды. Екінші және үшінші кезектің қалған бөлігі бойынша жұмыстар 2022-2024 жылдарға жоспарланған.
«Бүгінде Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Теміржолшылар, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы мен сол жағы), Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендері, сондай-ақ Потанин көшесі ауданында қаланың ескі бөлігіндегі тұтынушыларды қосу қамтамасыз етілді. 650 км газбен жабдықтау желісінің құрылысы аяқталды», деді М.Есмағұлов.
Жалпы, елордада 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент газға қосылды. Газға 4,6 мыңнан астам үй қосылған. Айта кету керек, ЖЭО-1,2-дегі 13 қазандық газға ауыстырылды.
«Биыл ЖЭО-1-де тағы үш энергетикалық қазандық газға көшіріледі. 15 әлеуметтік нысанда газды іске қосу бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ газға «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, № 19 мектеп, №57 мектеп, «Мейіржан» балабақшасы, «Аққанат» бөбекжайы және төрт көппәтерлі тұрғын үй қосылды», деп атап өтті бөлім басшысы. Сонымен қатар биыл Тұран, Тельман аудандық қазандықтарына және Ильинка, Тельман, Пригородный, Family Village, Өндіріс елді мекендеріне газ жеткізу желісінің құрылысы басталды», деп атап өтті бөлім басшысы.
Сонымен қатар ол елорда тұрғындарының газ жылдам қосылу үшін қандай шаралар қолданылғанын айтты.
«Тұрғындарға газға көшуге көмектесу үшін елорда әкімдігі бірқатар шара қабылдады. Қосылу үшін құжаттар тізімі де қысқартылды. Тегін газды есептеу құралдары беріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтарына 430 мың теңге көлемінде ақшалай өтемақы көрсетілуде. Үйді газдандыруға банктер арқылы 1,5 жылға 750 мың теңгеге дейін бөліп төлеу және пайызсыз кредит беру бар», деді ол.
Сондай-ақ әкімдік пен «ҚазТрансГаз» жобасы бойынша әрбір үйдің қоршауына дейін желілер жүргізілетінін еске салды. «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға сәйкес, тұрғындар нарықтық тәртіпте газбен жабдықтау желісіне қосылуға аккредиттелген жеке компанияны жалдайды және газды тікелей үйге өздері жүргізеді.
«Құны мен шарттары нарық деңгейінде болып саналады, ешқандай мемлекеттік орган да, «ҚазТрансГаз» ұлттық операторы да бұл қызметті реттемейді», деп атап өтті М.Есмағұлов.
Сондай-ақ басқармада елді мекендерді газдандыру және энергия көздерін газға ауыстыру шығарындыларды жылына 40 мың тоннаға дейін төмендететінін, сондай-ақ газ баллондарын пайдалануға байланысты төтенше жағдайларды азайтатынын атап өтті. Газдандыруға қатысты барлық мәселе бойынша аудандық әкімдіктерге және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға Республика даңғылы 24 мекенжайы бойынша немесе 55-89-75 телефоны бойынша хабарласуға болады.