• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қаржы 24 Тамыз, 2022

TasksCat жобасында қаржы пирамидасының белгілері анықталды

215 рет
көрсетілді

ҚР ҚМА TasksCat интернет-жобасында қаржы пирамидасының белгілерін анықтады. Азаматтарға сыйақы үшін тапсырмаларды орындай отырып, 2500 теңге көлемінде табыс табу ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа қатысушыны шақырғандарға төлемдердің 5-тен 15%-на дейін үлесі төленетіні айтылған. Ұйымдастырушылар 100-ден 1000%-ға дейінгі кіріспен «пакеттік» қызметтерді сатты.

Жаңа қатысушылар жеңімпаздардың фотосуреттерін жариялау арқылы басқа адамдарды тартқан.

Қазіргі уақытта жобаның интернет-ресурсы жұмыс істемейді. Сайтты бұғаттау бойынша жұмыстар барынша жүргізілуде.

«Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында Telegram әлеуметтік желісінде көрсетілген мәліметтер ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, процестік шешім қабылданады», делінген ведомство таратқан хабарламада.