• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Тамыз, 2022

Көне заманның көмбесі

469 рет
көрсетілді

Жуырда Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешенін тапқан еді. Осыған орай Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Facebook парақшасында тарихи жаңалықпен құттықтап, мән-маңызына тоқталды.

«Қазақ ғалымдары Дархан Қыдырәлі, Нәпіл Базылхан, Нұрболат Бөгенбаев моңғолиялық әріптестерімен бірлесіп Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуын тапты. «Номғон» бірлескен экспедициясын Халықара­лық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты бірлесіп жүргізген болатын.

Мамандар Номғон кешенін Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған деген тұжырым жасап отыр. Сонымен қатар табылған бітіктас «түрк» атауы алғаш рет кездесетін ең көне түркі дәуірінің жазба ескерткіші екенін мәлім етті.

Бұл түркология ғылымына ғана емес, әлемдік ғылымға қосылған тың жаңалық, зор үлес. Бүгін Дархан Қыдырәлімен хабарласып, қазақ ғалымдарының тарихи табысымен құттықтап, қуанышқа ортақтастық. Ол жуық арада баспасөз мәслихатын өткізіп, бітіктастағы жазулардың сырын ашып, жалпы жұртқа жариялайтындарын айтты. Осылайша, отандық ғалымдар көне заманның көмбесін тауып, оны әлемдік айналымға енгізбек», деді Мемлекеттік кеңесші.