• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Тамыз, 2022

Көк Түрік тарландары

599 рет
көрсетілді

Алматы қаласында орналасқан Қа­зақ­стан Республикасының Қор­ға­ныс министрлігіне қарасты Армия­шылардың Орталық спорт клубында (АОСК) Unifight әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер арасында «Көк Түрік тар­ландары» деп аталатын ел кубогы жо­лындағы жарыс дүркіреп өтті.

Мәдениет және спорт министрлігі, Ал­маты қаласының әкімдігі, Қазақстан ар­да­герлері қауымдастығы және Amanat пар­тиясының мұрындық болуымен ұйым­дас­тырылған дәстүрлі додаға Нұр-Сұлтан, Ал­маты, Шымкент қалалары, Ал­маты, Жетісу, Түр­кістан, Жамбыл, Қызыл­орда, Ақтөбе, Қос­танай, Атырау және Маңғыстау облыстарынан келген спорт­шылар қатысты. Олардың арасында халық­аралық және республикалық жарыстарда жүлде алып жүрген спортшылар да болды.

Аталған іс-шараның ашылу салтанатына Парламент Мәжілісінің депутаты, Unifight әмбебап жекпе-жек федерациясының пре­зиденті Бақытбек Смағұл, сол ұйымның вице-президенті Олжас Әкімов, Amanat партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев, Алматы қала­лық спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан, АОСК-ның басшысы, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина және тағы басқа азаматтар мен спорт ардагерлері қатысты.

– «Көк Түрік тарландары» деген атауға ие болған жарыстың мәні де, маңызы да зор. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің қатарында өзінің жауынгерлік ұранын айта алатын, тәуел­сіздіктің тұрағы болуға жарайтын жалынды әрі айбынды жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу. Осы принципті басшылыққа ала отырып, жыл сайын осындай керемет іс-шара ұйымдастырып келеміз. Бұл жарысқа Қарулы Күштерден бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігінің сардарлар мен сарбаздары да қатысуда. Себебі пышақ лақтыру, кедергілерден өту, нысана көздеу және жек­­пе-жекке шығу әскери санатқа жақын спорт түрлері екені белгілі. Олай болса, біз рухы мықты, өресі биік, қандай қиындық болса да жігері жасымайтын, сағы сынбай­тын сайыпқырандарды тәрбиелеуіміз керек. Бір сөзбен айтсақ, Қазақстанның Қа­рулы Күштері әлсіз болмауға тиіс, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған со­ғысының ардагері, Unifight әмбебап жекпе-жек федерациясының президенті Бақытбек Смағұл.

 

АЛМАТЫ