• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қыркүйек, 2022

Елімізде электрмен жабдықтау желілері жаңарады

211 рет
көрсетілді

Елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57%-ы және су құбыры желілерінің жартысына жуығы тозған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Тарифтерді жасанды түрде ұстап тұру желіден ажыратуларға, аварияларға және нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Монополиялық нарықтарда инвестицияларға айырбас ретінде жаңа тарифтік саясатқа көшу қажет. Желілер мен қуаттардың тозу көрсеткіштерін кем дегенде 15%-ға қысқарту қажет», деді Президент өз сөзінде.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы одан әрі монополиясыздандыру үшін институционалдық шешімдер қажет екенін атап өтті.

«Конгломерат» ұғымын заңнамалық деңгейде анықтау керек. Бір-бірімен байланысты нарық субъектілері экономикалық шоғырлануға рұқсат алуға міндетті», деді Мемлекет басшысы.