Қазақстандық Бейбіт Жукаев Таиландтағы челленджер жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 384-ракеткасы, жапониялық Сё Симабукуромен ойнады. Қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Үш сетке жалғасқан матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы мерзімде Бейбіт 18 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Жукаев жартылай финалға шығу үшін монаколық Валентин Вашеромен таласады.